7.08.2019, 16:53
Оқылды: 223

Тайлақ батыр қорымы қоршалды

Сырым ауданындағы Бұлан ауылдық округінің Жамбыл ауылының іргесінде «Тайлақ батыр» қорымы бар. Құлпытастары XVIII ғасырдан бері тұрған қорымды қоршау мәселесі тұрғындар тарапынан көтеріліп келген еді.

IMG-20190806-WA0006

Бұлан ауылдық әкімшілігінің ұйымдастыруымен батыр баба ұрпақтары жиналып, «асарлатып» Тайлақ батырдың қорымын қоршады.

IMG-20190806-WA0007

Орал, Ақсай қалаларынан, Подстепное, Жымпиты, Бұлан, Өленті, Талдыбұлақ, Тасқұдық, Аралтөбе ауылдарынан батыр ұрпақтары, Жамбыл ауылының тұрғындары өз еріктерімен жиналып, Құран оқытып, ас беріп, Тайлақ батыр қорымының қоршалуына өз үлестерін қосты. Бұл да ұрпақтардың батыр алдындағы перзенттік борыштарының өтелгендігі болмақ.

IMG-20190806-WA0005

IMG-20190806-WA0003

Әсия Аманбаева,

 Бұлан ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале