3.11.2021, 11:48
Оқылды: 68

Талибан Ауғанстанда шетел валютасына тыйым салды

Талибан Ауғанстанда шетел валютасын пайдалануға тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021110311294119438_2021110310593974337_afganistan

"Талибан" қозғалысының өкілдері (Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған ұйым) ел аумағында шетел валютасын пайдалануға тыйым салынғанын жариялады, деп хабарлайды Reuters.

Елдегі экономикалық жағдай мен ұлттық мүдделер барлық ауғандықтардан ауған валютасын қолдануды талап етеді, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Талибан" үкіметі орталық банктің миллиардтаған долларлық резервтерін шетелдік юрисдикциялардан босатуды жақтады, өйткені ел құрғақшылық пен ақша тапшылығына тап болды.

Ауған банкінің шетелдегі барлық резервтері (шамамен 10 млрд доллар) "Талибанның" қолына тимеу үшін бұғатталған еді. Сонымен қатар, БҰҰ жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы биылғы құрғақшылық пен астық жетіспеушілігіне байланысты 14 млн-нан астам ауғандық азық-түлік тапшылығын бастан кешіріп, шұғыл гуманитарлық көмекке мұқтаж екенін ескертті, деп хабарлайды Bloomberg дереккөзге сілтеме жасап.

"Талибан" қозғалысы 15 тамызда Ауғанстанда билікті басып алды. Ел президенті Ашраф Гани елден қашып, отставкаға кетті.

Гани елден кеткеннен кейін, Талибан экс-президентті Ауғанстаннан мемлекет қаражатын алып кетті деп айыптап, ақшаны қайтаруды талап етті.

Күздің басында елдің барлық провинцияларын басып алғаннан кейін, Талибан Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамын жариялады. Оны Талибанның алғашқы билігі тұсында Сыртқы істер министрі болған және БҰҰ санкцияларына ұшыраған Мохаммад Хасан Ахунд басқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале