24.09.2021, 9:28
Оқылды: 68

"Талибан" қозғалысы БҰҰ Бас ассамблеясының отырыстарына қатысуға ниет білдірді

"Талибан" қозғалысы жинаған Ауғанстан үкіметінің өкілі Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының отырыстарына қатысуға ниет білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.

phpA56SXw

Басылым дерегінше, "Талибан" қозғалысының жанындағы Ауғанстанның тұрақты өкілі лауазымына бекіту үшін Катар астанасы Дохадағы саяси кеңсенің өкілі Мохаммед Сухаил Шахиннің кандидатурасы ұсынылған. Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Хатшысына жіберілген "Талибан" қозғалысының өтініші 9 адамнан, соның ішінде АҚШ, Ресей және Қытай өкілдерінен тұратын ұйымның аккредиттеу комитетімен қаралмақ. Бірақ тәліптердің өтініші қаралмайынша, Гулам Исакзай осы ұйымдағы Ауғанстанның елшісі болып қалады. "20 қыркүйекте бас хатшы 21-27 қыркүйек аралығында өтетін Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясына қатысуға тәліптерден өтініш хат алды. Хаттың тақырыбы "Ауғанстан Ислам Әмірлігі" деп берілген, оған сыртқы істер министрі ретінде Әмір Хан Моттаки қол қойды. Сондай-ақ, онда Ашраф Ғанидің 15 тамыздан бастап қызметтен қуылғаны және енді ел президенті саналмайтыны көрсетілген", - деді БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик.

Сонымен қатар, Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас "Талибан" өкілдерінің Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясында сөз сөйлеуіне қарсы шықты. "Талибанның" Біріккен ұлттар ұйымында сөз сөйлеуі еш пайда әкелмейді деп санаймын. Менің ойымша, бұл сұрақта шешім іздеу мақсатымен Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясына жүгіну орынсыз", - деді неміс саясаткері. Өз кезегінде Америка құрама штаттары Мемлекеттік департаменті "Талибан" радикалды қозғалысының БҰҰ-ға өкілдік етуі мәселесін шешу біраз уақытты талап етеді, осы сессия барысында шешілуі екіталай деп санайды. Естеріңізге сала кетейік, Біріккен ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 76-сессиясы 21 қыркүйек күні басталып, 27 қыркүйекке дейін созылмақ. Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.

Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді. 15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды. Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті. Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған. Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

NUR.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале