28.12.2021, 17:10
Оқылды: 92

Тәліптер әйелдерге 72 шақырымнан асатын жерлерге жалғыз баруға тыйым салды

Тәліптер әйелдерге 72 шақырымнан асатын аумаққа ерлерсіз немесе жақын туысынсыз шығуға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

e30f2616a87c4890b68629810ff1b342

Ауғанстанның ізгілікті насихаттау және келеңсіздіктердің алдын алу министрлігі көлік иелеріне ер адамсыз жүрген әйелдерді тасымалдауға болмайды деген нұсқау шығарған.

Орталық Азия жаңалықтары қызметі таратқан мәлімет бойынша, "Талибан" билігі оған қоса, такси және қоғамдық көлік жүргізушілеріне хиджабсыз жүрген әйелдерді мінгізбеуге және музыка қоспауға нұсқау берген.

Бұл жаңалықты 26 желтоқсанда "Талибан" үкіметінің өкілі Мохаммед Садық Ақыф растады.

Бұған дейін Ауғанстанның Газни провинциясындағы "Талибан" билігі әйелдерге ер адамсыз дәрігерге баруына тыйым салған еді. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Etilaatroz басылымы хабарлады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале