24.05.2023, 13:13
Оқылды: 76

Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын кім белгілейді?

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі жыл сайын артуда, себебі азық-түлік өнімдері мен өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықтың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі белгiленген жарамдылық мерзiмi iшiнде тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтаудың адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететiн тамақ өнімдерінің ерекшелiгi.

news8010

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары тұтынушыларға сауда орындарынан тамақ өнімдерін сатып алу кезінде, тамақ өнімдерін тұтыну алдында әрдайым өнімнің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына көңіл аудару керектігін ескертеді.

Ал енді осы тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарын кім белгілейді?

Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын өнім қауіпсіздігінің санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес, өнімді дайындаушы немесе стандарттау жөніндегі құжаттар мен техникалық құжаттаманы әзірлеуші белгілейді. Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын айқындауды рецептураға, өндірістің технологиялық процесіне, өнімді өңдеу түріне, қаптама және қаптамалау материалының түріне, жаңа технологиялар бойынша және шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінен дайындалған өнімді қаптамалау тәсіліне қарай тамақ өнімін мақсаты бойынша пайдалану және белгіленген сақтау шарттары сақталған кезінде барлық жарамдылық мерзімі ішінде оның қасиеттері мен қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырады.

Тамақ өнімдерін, бұйымдар мен материалдарды өндіретін және айналымға жіберетін, азық-түлік өнімдерін, бұйымдар мен материалдарды бөлшек саудаға жіберетін және қоғамдық тамақтану саласында қызмет атқаратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар сатып алушылар мен тұтынушыларға, мемлекеттік қадағалау органдарына азық-түлік өнімдерінің, бұйымдардың және материалдардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы толық және шынайы ақпарат беруі қажет, нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес өнімдердің өндірілуі мен айналымын жүргізу керек.

Жарамдылық мерзімдері мен сақтау жағдайларын негіздеу үшін дайындаушы немесе әзірлеуші келесі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді:

1) белгіленген заңнама тәртібімен әзірленген стандарттау жөніндегі құжаттар және (немесе) техникалық құжаттама немесе олардың жобалары, технологиялық нұсқаулықтар, тамақ өнімдеріне арналған рецептуралар;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен құзыреті бойынша органдар мен ұйымдар берген, тамақ өнімдерінің сапасын куәландыратын, шикізатқа, тамақ компоненттеріне, тамақ қоспаларына, қаптамаға және өнім өндіруде пайдаланылатын қаптамалау материалына сәйкестікті растау туралы құжаттар немесе осы құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;

3) жарамдылық мерзімдерінің негіздемесі туралы ақпаратты қамтитын құжаттар (өндіріс технологиясын жетілдіру, қазіргі заманғы технологиялық жабдық, қаптама, қаптамалау материалы және өзге де құжаттар);

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

5) Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген, Ұлттық аккредиттеу жүйелерінде аккредиттелген және Еуразиялық экономикалық одақтың сертификаттау жөніндегі органдары мен сынақ зертханаларының бірыңғай тізіліміне енгізілген халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының сынақ зертханалары жүргізген Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне тамақ өнімдерінің, шикізаттың үлгілерінің болжамды жарамдылық мерзімін растау бойынша санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің (сынақтардың) нәтижелері;

6) стандарттау жөніндегі құжаттарды немесе техникалық құжаттаманы әзірлеушінің көрсетілген құжаттаманың иесі болып табылмайтын, дайындаушы шығаратын тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдеріне және сақтау жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуге растауы (келісімі).

Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау жағдайларын негіздеу кезінде негізгі санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулерді: микробиологиялық, санитариялық-химиялық зерттеулерді, стандарттау жөніндегі құжаттарда және (немесе) дайындаушының техникалық құжаттамасында көзделген температурада сақтау процесінде өнім үлгілерінің органолептикалық қасиеттеріне зерттеулер жүргізу қамтамасыз етіледі.

Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақтау жағдайларын негіздеу үшін санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер тамақ өнімдерінің нақты түріне зерттеулер бағдарламасын қамтитын дайындаушы әзірлеген және бекіткен өндірістік бақылау бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

Гульжанат Гатауова,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале