24.07.2023, 11:30
Оқылды: 116

Тамара Дүйсенова мен ЮНИСЕФ өкілдері балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін талқылады

Премьер-Министр орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директорының орынбасары Октавиан Биволмен кездесті.

artboard-2

Фото: primeminister.kz

Жиынға Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және қоғамдық даму, цифрлық даму, ішкі істер вице-министрлері, Ұлттық статистика бюросының және Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылары қатысты.

ЮНИСЕФ өкілдері Әлеуметтік кодекстің қабылдануын, өңірлерде Отбасының цифрлық картасы мен отбасын қолдау орталықтарының құрылуын оң бағалады.

Сондай-ақ олар әлеуметтік жұмыстың қолжетімділігін, сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін одан әрі дамытуға техникалық қолдау және көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Сонымен қатар жиында ЮНИСЕФ пен мемлекеттік органдардың балаларды қорғау, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қызметтер және т. б. бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, АӘК бағдарламасын, балалардың хал-ахуал индексін, баланың цифрлық картасын жетілдіру, балаларды әмбебап балалар жәрдемақыларымен қамтуды (халықаралық тәжірибе негізінде) кеңейту бойынша жаңа шешімдерді әзірлеу үшін ЮНИСЕФ-тің ҚР Үкіметімен ынтымақтастығын дамыту жоспарланып отыр.

ЮНИСЕФ-тің балаларды қорғау шараларын күшейту, заңнаманы нығайту, мәселенің шығу себептерімен жұмыс істеуге ерекше назар аудара отырып, бала өмірінде орын алуы мүмкін қолайсыздықтардың алдын алу, білім берудің қолжетімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, бала жәбірленуінің алдын алу және балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету және т. б. бойынша ұсынымдары бірлесіп қарастырылады.

primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале