15.08.2023, 9:00
Оқылды: 43

Tanda.enbek.kz: бос жұмыс орындар бойынша өңірлік жәрмеңке өтеді

Tanda.enbek.kz порталында өңірлік мансап орталықтары ұйымдастыратын бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкелерін өткізу мүмкіндігі іске асырылды. 

Снимок экрана (48)

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, онлайн-жәрмеңкелер барысында жұмыс берушілерге өздеріне қажетті мамандарды онлайн табуға мүмкіндік беріледі.

Әр жұмыс іздеп жүрген адам өзінің түйіндемесін жұмыс берушіге жіберіп қана қоймай, сонымен қатар онлайн-чат арқылы HR мамандарымен мәселелерді талқылап, бейне сұхбат арқылы сұхбаттаса алады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін жұмыс берушілер де, ізденушілер де Tanda.enbek.kz порталында тіркеуден өтуі қажет.

Онлайн-жәрмеңкелер Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Толық ақпарат пен жәрмеңкелерді өткізу кестесі Tanda.enbek.kz порталында жарияланған.

Осы уақытқа дейін Tanda.enbek.kz-те әртүрлі қызмет салалары үшін де, жекелеген өңірлер үшін де бірқатар онлайн-жәрмеңке өткізіліп,  оған жалпы 110 жұмыс беруші мен 3 мыңнан астам ізденуші қатысқан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале