5.11.2023, 15:39
Оқылды: 1

«Таңдауымызды жасауға мүмкіндік берді»

Қаратөбе ауданы орталығының іргесіндегі Шөптікөл ауылында тұратын қариялар аудан әкімінің сайлауында Қуаныш Мәжитов пен Тамара Мәжитова үйден дауыс беруге өтініш берген.

85010014-c42a-4733-ba2b-d8cc5ffd9f2a
- Бүгін аудан әкімінің сайлауы болатынын естіп, біздің де сырт қалғымыз келмеді. Біз ауылдағы мектеп-балабақша кешенінде орналасқан №287 сайлау учаскесінде сайлаушы ретінде тіркелген едік. Сайлау учаскесінің қызметкерлері үйімізге келіп, таңдауымызды жасауға мүмкіндік берді. Сол үшін алғысымыз зор. Сайлау зор маңызға ие. Сайланған азамат елдің қамын ойлайтын, халықтың алғысына бөленетін арлы азамат болсын деп тілеймін. Халық үшін абыройлы қызмет етсін. Елімізде тек тыныштық болсын, - деді 85 жастағы қария Қуаныш Мәжитұлы.

Қарияның сөзін қостаған жұбайы Тамара Владимировна да үйге келіп, ілтипат көрсеткен жандарға ризашылығын білдірді.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress. kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале