Нейробиолог Рамзес Алькайдтың айтуынша, қазіргі өмір ырғағына бейімделу үшін миға дұрыс режим қажет. Ол Men's Journal - ға берген сұхбатында таңертең миды сергітудің қарапайым тәсілін ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Ғалымның сөзінше, қысқа жаңалықтар, әлеуметтік желідегі жазбалар мен видеоларды үздіксіз көру миды жылдам дофаминге және назарды жиі ауыстыруға үйретеді. Уақыт өте келе бұл зейінді ұзақ уақыт сақтауды қиындатады.
Маман ақуызға бай таңғы ас пен физикалық белсенділік миды оттегімен жақсы қамтамасыз ететінін айтты. Сонымен қатар, мұндай режим ер адамдарда тестостерон гормоны табиғи жолмен бөлінуіне де оң әсер етеді.