5.01.2024, 16:46
Оқылды: 71

Танысып қойыңыздар балалар – робокар «Айбо»!

"Айбо" пиротехниканы дұрыс пайдаланбау салдарынан балаларды өрт шыққан пәтерден құтқарады және балаларға петардаларды ересектерсіз пайдалану қаншалықты қауіпті екенін айтады", - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

cd6a4254ba47cd68bbaf6847ed22a216_1280x720

Технологияларды дамыту және ТЖМ трансформациясы аясында Алматы қаласы ТЖД ұсынысы бойынша су астында да, таулы аудандарда да тәулік бойы мониторинг жүргізетін құтқарушыларға көмекші ретінде «Айбо» робот–трансформерінің анимациялық бейнесі  жасап шығарылды.

«Айбо» қиындыққа тап болғандардың барлығына көмекке келуге, сондай-ақ төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді үйретуге дайын.

Мультфильмнің мақсаты – бастауыш сынып оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Жылдың әртүрлі маусымдарындағы құтқару операцияларын көрсететін шытырман оқиғалы серияларды шығару жоспарланған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале