26.07.2021, 11:11
Оқылды: 457

Тар дәліз. Нөпір адам. Маскасыз қабылдау

Орал қаласындағы емханалардың денінде қазіргі жағдай осындай. Мәселен, эпидахуал жайын барлау үшін өткен сәрсенбіде қалалық №4 емханаға арнайы барғанымызда, дәрігер қабылдауына жазылған кей адамның маскасыз отырғанын көрдік. Кейбір емделуші тұмшаны иегіне түсіріп қойыпты. Ол түгілі дәрігерлердің бірқатары өз кабинетінде маскасын ысырып тастап, алаңсыз күйде отыр. Емханаға кіреберістегі күзетші де маска тақпағанын байқадық. Екінші қабатта келушілерге арналған орындықтарда арақашықтықты сақтау белгісінің жұқанасы ғана қалыпты. Мекемедегі тазалықты қамтамасыз ететін қызметкерлер еденді дамыл-дамыл жуумен болды. Бірақ қоқыс қалдықтарын пакетке салған олардың медициналық қолғап кигенін байқамадық.

WhatsApp Image 2021-07-26 at 11.04.25

( "Орал өңірі" газетінің арнайы тілшісі Нұртай Текебаевтың қала емханаларындағы олқылықтар туралы мақаласының толық нұсқасын басылымның сейсенбі күнгі №60 санынан оқи аласыздар).

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале