10.06.2022, 16:44
Оқылды: 174

Таразда жантүршігерлік оқиға болды

Таразда әйел азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірген. Дәрігерлер 47 жастағы ер адамның өмірі үшін бір тәулікке жуық күрескен, бірақ оны құтқара алмаған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы

A5649113-4C02-4E44-B279-942F27095CE4

Дәрігерлер қаладағы жатын аудандардың бірінде болған оқиға туралы бірінші болып білген. Пышақ жарақатын алып, қан-жоса болып жатқан ер адам жедел жәрдеммен дереу жансақтау бөліміне жеткізілген. Ол сол кезде ес-түссіз болған.

Полицейлер қылмыскерді тапқан. Ол 43 жастағы әйел болып шыққан. Ол бәрін мойындаған. Бірақ қылмыстың анық-қанығы әлі ашылмаған.

"Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале