24.08.2021, 10:01
Оқылды: 168

Тарифті өсіруге өтінім берді

Орал қаласында «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік  компаниясы» ЖШС-ның электр энергиясын беру және тарату қызметтерінің жаңа тарифін бекітуге ұсынылған өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өтті. Шаһар тұрғындары мен мүдделі тұлғалар «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн байланысқа шықты. 

glowing light bulb among many coins heap business concept

Қашықтан өткен басқосуды ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Алмас Отаров жүргізді. «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС директоры Дина Ғалиметденова баяндама жасады. Өз сөзінде электр энергиясын беру және тарату қызметтерінің тарифін өсіруге себеп болып отырған мәселелерге тоқталды. Аталмыш кәсіпорын былтыр 27 қазанда құрылған. Оның құрамында 16 аудандағы және қалалық электр желілері, бөлімдер мен қызметтер бар. Электр беру желілерінің ұзындығы – 20 305 шақырым. Бүгінде  электр желілері 82%-ға тозған.

– Өздеріңіз білесіздер, біз бұған дейін де тарифті өсіру жөнінде өтінім бердік. Алайда өндірістік қажеттілік пен негіздейтін материалдардың қосылуына байланысты  өтінімді кері қайтарып алдық. Бүкіл облыс бойынша электр желілерінің тозығы жеткенін және жөндеуді қажет ететінін ескере отырып, төтенше жағдайларды азайту үшін жөндеу жұмыстарының шығындары ұлғайтылды.

Айта кету керек, бұрын «Батыс Қазақстан АЭК» АҚ тарифінің өсуін тежеу мақсатында  шығындарды бекіту кезінде «Амортизация», «Жөндеу», «Шикізат және материалдар» секілді  баптардың тарифтік сметадағы шығындары азайтылды. Соның нәтижесінде бүгінде өзге облыстардағы электр желілік компаниялар арасында біздің компания соңғы орында тұр. Біздің аймақта электр энергиясын тұтыну көлемі артпай отыр. Ал электр желілері күнненүнге тозуда. Осылайша, электр қуатын тасымалдаудан түскен қаржы электр желілерін толықтай күтіп-ұстауға кеткен шығындарды жабуға  жеткіліксіз, – деді Дина Ерсейітқызы.

Компания басшылығы кәсіпорынның түрлі шығындарын есептей келе электр энергиясын беру және тарату қызметтерінің тарифін әр квт/сағатқа 6,22 теңгеге (ҚҚС қоспағанда) өсіруді көздеп отыр. Ал қазіргі тариф – 5,26 теңге.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале