24.05.2022, 15:00
Оқылды: 142

Тарихи қадам

Биылғы жылғы Қаңтар оқиғаларында көшеге шыққан азаматтарымыз жалпы өзгерістерді талап еткені баршамызға белгілі. Осы оқиғалардан кейін біздің қоғамда «Жаңа Қазақстан» деген ұғым пайда болды.

Артур Орангалиулы

Ал «Жаңа Қазақстан» дегеніміз не? Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезінде сөйлеген сөзінде «Жаңа Қазақстан – шын мәнінде әділ Қазақстан» - деп, қысқа да нұсқа әрі нақты түсінік берді.

Мемлекет басшысы нау­рыз айындағы Жолдауында саяси ре­форманың өзгеретінін және эконо­микалық тұрғыдан нақты әрекет­тер жүргізілетінін айтты. Соның басты қадамы –Конституциямызға өзгерістер енгізу.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде Президент Қ.К.Тоқаев Ата заңға өзгерістер енгізу үшін жалпыреспубликалық референдум өткізуді ұсынды.

Референдум – жай формальды түрде өтетін науқан емес, елі­міздің болашақ тағдырын шешетін, мемлекетіміздің тұғырын биіктететін маңызды тарихи белес.

Осы референдумның күн тәртібіне қойылған сұрақтардың ішінде менің аса бір қызығушылығымды танытқан мәселе - бұл мәслихаттардың рөлінің артуына өзгерістер енгізу болды. Өздеріңізге белгілі, соңғы кездегі жалпы еліміздегі реформалар атқарушы билік органдары басшыларының өкілді билік және жергілікті қоғамдастықпен байланысты күшейтуге бағытталған. Осы өзгерістерден кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тағайындау кезінде мәслихаттардың рөлі едәуір артады. Яғни Президент, кемінде екі кандидатура ұсынады, олар бойынша тиісінше облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында орналасқан барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының дауыс беруі өткізіледі. Көп дауыс алған кандидат келісім алған болып есептеледі. Байқадыңыздар ма? Суперпрезиденттік жүйеден бас тарту деген осы емес пе?

Айтып отырған норманы, тек заң деңгейінде емес, Конституцияда бекіту билікті орталықсыздандыру процесінің маңызды шара екендігінің дәлелі.

Жалпы, байқап отырсаңыздар соңғы кездері билік қандай да бір өзгерістер жасағанда ең бірінші халықтың пікіріне құлақ асады. «Жаңа Қазақстанды» құруға бағытталған негізгі шараларды да халықтың таңдауына шығарып, елімізде жалпыхалықтық референдум өткелі отыр. Бұл – Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасының табысты жүзеге асуына жол ашатын бірден - бір жол. Жалпы, еліміздің бүгінгі мен ертеңіне бей-жай қарамайтын әрбір азамат 2022 жылдың 5 маусымында референдумға келіп өз таңдауын жасауы керек.

Сондықтан, баршаңызды бір ел болып Жаңа Қазақстанды, Әділетті Қазақстанды құру жолында референдумға қатысуға шақырамын.

Артур Ермұханов,

«AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалының атқарушы хатшысы

Тапсырыс беруші: «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігі 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале