16.06.2026, 22:15
Оқылды: 98

Тарихи жетістік: БҚО палуандары Халық ойындарында көш бастады

Түркістан қаласында өтіп жатқан VIII Халық ойындарында қазақ күресінен Батыс Қазақстан облысының құрамасы үлкен жетістікке қол жеткізді.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 21.31.05 (1)

Фото: Бекзат Қанәділ

Жарыс қорытындысы бойынша Ақ Жайық өңірінің палуандары жоғары шеберлік танытып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Бұл — облыстың қазақ күресі тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін өткен түрлі деңгейдегі халықаралық және республикалық додаларда батысқазақстандық жекелеген балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінгенімен, дәл осындай командалық ірі табыс өңірде алғаш рет тіркеліп отыр.

WhatsApp Image 2026-06-16 at 21.31.05 (1) WhatsApp Image 2026-06-16 at 21.30.46 WhatsApp Image 2026-06-16 at 21.31.05

Спорт мамандарының пікірінше, бұл нәтиже облыстағы қазақ күресі мектебінің деңгейі мен спортшыларды даярлау жүйесінің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді. Жылдар бойғы жүйелі дайындықтың, бапкерлер құрамының қадамдық жұмысының және балуандардың табандылығының арқасында келген бұл алтын жүлде Батыс Қазақстан облысының спорттық әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бекзат Қанәділ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале