11.07.2026, 14:45
Оқылды: 6

Тасқала ауданында «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясы өтті

БҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Тасқала ауданында «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Мөлдір бұлақ» республикалық акциясының екінші кезеңі ұйымдастырылды.

IMG-20260711-WA0020

Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен, БҚО әкімдігінің қолдауымен өткен шараға вице-министр Жандос Сәлімов, облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз, «Қазсушар» кәсіпорны мен Жайық-Каспий бассейндік су инспекциясының мамандары, «Жасыл ел» сарбаздары мен еріктілер қатысты.

IMG-20260711-WA0027

IMG-20260711-WA0029

​Жиында Нұрділдә Ораз аймақта «Таза Қазақстан» аясында атқарылған жұмыстарға тоқталып, санитарлық-экологиялық айлық кезінде 85 мыңнан астам адамның қатысуымен 17 мың гектар аумақ тазартылғанын, 36 мыңнан астам ағаш отырғызылғанын мәлімдеді. Өз кезегінде ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімов экологиялық шараға бір кісідей атсалысқан аудан тұрғындары мен белсенді азаматтарға ризашылығын білдірді.

IMG-20260711-WA0030

IMG-20260711-WA0031

IMG-20260711-WA0032

Сонымен қатар қазіргі уақытта Тасқала ауылында Деркөл өзенінің арнасын кеңейту және Жайықбай арнасын қайта жаңғырту қолға алынған.

IMG-20260711-WA0034

IMG-20260711-WA0033

​Экологиялық шара аясында 130-дан астам қатысушы Тасқала ауылы маңындағы шағын бұлақты қоқыстан тазартып, ағаш түптерін әктеді. Айта кетейік, жалпы ұзындығы 176 шақырым болатын Деркөл өзені осындай жерасты бұлақтардан бастау алады.

IMG-20260711-WA0036

IMG-20260711-WA0037

IMG-20260711-WA0028

IMG-20260711-WA0038

IMG-20260711-WA0039

IMG-20260711-WA0040

IMG-20260711-WA0041

IMG-20260711-WA0042

IMG-20260711-WA0043

IMG-20260711-WA0044

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале