18.09.2019, 12:19
Оқылды: 265

Тасқала ауданында соңғы екі жылда 36 481 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған

Биылғы жылдың ақпан-наурыз айларында аудан бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 49 353 гектар, 13 жер пайдаланушының 19 жер учаскесіне тексеріс ашылған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жеті конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 25 915 гектар жер телімдері 43 шаруа қожалығына пайдалануға берілген. Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Алдияр Халелов баяндады.

jer

Тасқала ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің 894 нысаны тіркелген болса, оларда2000-ға жуық адам жұмыс жасайды. Бұл аудан бойынша экономикалық белсенді тұрғындардың 18,5 пайызын құрап отыр.

Биылғы жылдың алты айында аудан бойынша тартылған инвестиция көлемі 347,8 млн. теңгені құраған. Инвестиция көлемінің негізгі бөлігін, яғни 57,5% ауыл шаруашылығы техникасын және асыл тұқымды малын сатып алуға жұмсалған. Сондай-ақ аудандасағатына 2000 бөтелке су шығаруға қауқарлы «Су құю цехы», 5120 бас ірі қараға арналған «Taskala-ET BKO» бордақылау алаңының, «Кемпинг-Тасқала» жол бойы сервис орталығы, Тасқала аудандық бизнес-инкубатор, «Кенжалиев» жеке кәсіпкерлігінің құс фермасы секілді бес инвестициялық жоба қолға алынуда. Ауданның инвестициялық әл-ауқатын арттыру және ауданға инвесторларды тарту мақсатында Тасқала ауданының инвестициялық картасының пилоттық жобасы жасақталуда. Инвестициялық картада аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындаға бос жерлер, бизнес өкілдеріне кәсіптерін ашу немесе ұлғайту үшін берілетін жер телімдері, ауданның транспортық инфрақұрылымы, пайдалы қазбалар, мемлекеттік - жекешілік әріптестік арқылы ұсынылатын жобалар, бос тұрған ғимараттар туралы ақпарат енгізілетін болады. Сонымен қатар жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында 91 грантқа 45 млн.теңге көлемінде қаражат бөлініп, бүгінгі күні 35 адам грантқа ие болған.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале