14.03.2023, 19:00
Оқылды: 26

Тасқала ауданының 90 жылдығы тойланып жатыр

Дәл қазір "Атамекен" өнер ордасында Тасқала ауданының 90 жылдығына орай мерекелік концерт өтіп жатыр.

IMG-20230314-WA0288

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.40 (3)

Тасқала ауданы әкімшілік құрылым болып 1933 жылы құрылды. Аудан аумағының тарихы көне заманнан басталады. Оны тас дәуірінен ХІХ ғасырға дейінгі дәуірлердің жылнамасынан, архелогиялық зерттеулерден білеміз. Ауданда ХХ ғасырда Ресейдің және Қазақстанның жекелеген археологтары қазба жұмыстарын жүргізген. Олардың ішінде оралдық архелог Г.Кушаевтың еңбегі ерекше. Ал ауданды кешенді әрі жүйелі зертеу, 2002 жылы Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық Тарих және архелогия орталығы құрылғаннан кейін ғана мүмкін болды.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.40 (1)

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.40 (2)

Тойға келген қонақтарды "Ақтілеу" әжелер ансамблі әнмен қарсылап, дәм ұсынды. Жергілікті кәсіпкерлердің де өнімдері көрмеден орын тапқан.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.41 (2)

 

Мерейтойға орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімнің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, тасқалалықтарды құттықтады.
- Қыстан аман есен шығып, көктемді қарсылап жатырмыз. Тасқала ауданының 90 жылдық торқалы тойы 14 наурыз Көрісу күніне тұспа-тұс келіп тойланып жатыр. Баршаңызды құттықтаймын!
Бүгінгі жиынның өзі ынтымақ пен бірліктің арқасы деп есептеймін. Тоғыз жолдың торабында орналасқан Тасқала барлық көшесі жарқыраған, жолы тақтайдай тегіс ауданның бірі десек болады. Халқы күні бүгінге дейін ұлттық әдет-ғұрыпты сақтап келеді. Барлық тасқалалықтарды облыс әкімі Нариман Төреғвлиевтің атынан мерейтойларыңызбен құттықтаймын! Еліміз аман, тыныштық болсын! Атамекеніміз көркейе берсін!, - деді құттықтауында Бақытжан Хаберұлы.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.41 (4)
Ал Тасқала ауданының әкімі Бауыржан Айтмағамбетов 90 жылдық аясында өтетін шаралар жыл бойы жалғасатынын айтып, тасқалалықтарды болашақта да аудан игілі үшін "Жайнай бер, Тасқала" ұранымен бірлесе жұмыстануға шақырды.

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.41 (6)

WhatsApp Image 2023-03-14 at 17.09.28 (1)

WhatsApp Image 2023-03-14 at 17.09.28

WhatsApp Image 2023-03-14 at 17.09.28 (2)

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.41 (3)

WhatsApp Image 2023-03-14 at 16.48.41 (5)

Халық аудан өнерпаздарының концертін тамашалап отыр.

Динара Тілекқызы,
Суреттерді түсірген: Гүлмира Сансызбайқызы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале