Тасқала ауданы орталығындағы «Сәулет» шағынауданында тұратын көршілер №332 сайлау учаскесіне бірге барып дауыс берді. Бұл шағынауданда 1 371 сайлаушы тіркелген. Дәл қазіргі сәтте 350-ге жуық адам таңдау жасады.
– Біз, көршілер, елдегі саяси науқандарға үнемі бірге барамыз. Жыл санап ауызбіршілігіміз артып, бірлігіміз нығайып келеді. Сайлауға балаларымызды да ертіп апарамыз. Себебі олардың да осындай жауапты сәтке куә болып, мән-мазмұнын ұғына бергені абзал. Біз бірлігі жарасқан ел үшін, ынтымақты болашақ үшін, ұрпағымыздың кемел келешегі үшін дауыс бердік, - деді аталмыш шағынауданың тұрғыны Темірболат Әнуарұлы.
Тасқала ауданы бойынша 10 881 сайлаушы бар.
Айна Имашева
18:0028.03.2023
Саяси кеңес бюросының отырысы өтті
16:0028.03.2023
БҚО мәслихат депутаттығына бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттардың "Қазақстан Халық банкі"АҚ-ы БҚФ мәліметтері негізінде сайлау жарналары туралы хабарламасы
14:4527.03.2023
Сайлау: ОСК қорытындыны жариялады
20:0424.03.2023
Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы БҚО мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындыларын жария етті
28.03.2023, 18:00
27.03.2023, 14:45