15.04.2024, 16:30
Оқылды: 39

Тасқынға тосқын болуға 6478 адам жұмылдырылды

Тасқынға тосқауыл болу жұмысына техникадан бөлек адам күші де көптеп тартылып жатыр. Адам күші қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, қауіпті аймақтарда қалған тұрғындарды эвакуациялау, құтқару жұмыстарын жүргізу, медико-психологиялық көмек көрсету және жағаларды биіктету жұмыстарына жұмылдырылды.

WhatsApp Image 2024-04-13 at 21.12.24

Қазіргі уақытта Орал маңындағы Коминтерн, Курени аудандары, Исатай-Махамбет көшесінің бойы, Жеңіс алаңы, Жас натуралистер стансасы, Круглоозерный, Серебряков елді мекендері мен Елизаров және Яикская көшелерінің қиылысы қауіпті аймақ саналады. Адам күші негізінен осы жерлерге шоғырландырылды. Одан бөлек құм толы қап дайындау пункттерінде де жұмыс қайнап жатыр.

WhatsApp Image 2024-04-13 at 21.12.22

Бұл жұмыстарға негізінен ТЖМ қызметкерлері, полиция қызметкерлері және әскери қызметкерлер тартылған. Қиын сәтте өңірге Қызылорла, Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облысынан және Шымкент, Астана, Алматы қалаларындағы төтеншеліктер мен әскери бөлім сарбаздары келіп көмек қолын созды. Сондай-ақ волонтерлер да қолғабыс қылып жүр.

Қазіргі таңда облыс аумағында орын алған төтенше жағдайдың алдын алдын алуға 6478 адам жұмылдырылды.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Фото авторы: Андрей Онищенко

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале