13.03.2022, 14:50
Оқылды: 87

Татарстан мен Қазақстанның энергетикалық компаниялары тәжірибе алмасады

ҚР Энергетика министрлігі Татарстан Республикасының «Желілік Компания» акционерлік қоғамы мен қазақстандық «Самұрық энерго» және «KEGOC» компанияларының өкілдерімен энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

FC6ED98F-3F97-495D-93DE-6BE9A97286C0

«Кездесу барысында «Желілік Компания» АҚ Татарстан Республикасының электр желілері кешенін цифрландырудағы тәжірибесі мен жетістіктерін таныстырды.

Өз кезегінде ҚР Энергетика вице-министрі бүгінгі таңда Қазақстанда «Ақылды желі» технологиясын енгізу тұжырымдамасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, соның аясында Татарстан Республикасының тәжірибесін зерделеуге болатынын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанның мүдделі кәсіпорындарымен кездесулер ұйымдастыру, әрі қарай тәжірибе алмасу және саланы дамыту мақсатында жұмыс тобын құру бойынша ұсыныстар айтылды», - делінген министрліктің мәліметінде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале