26.01.2022, 10:30
Оқылды: 86

Татуластыру рәсімдерінің нәтижесінде қарыз өндірілді

Орал қаласының №2 сотына қала тұрғыны жауапкерге қатысты ас үй жихазын жасап, орнату үшін төленген екі жүз мың теңгені өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

c8bd212b40f6c1937077a3ff4f0be744

Анықталғандай, тараптар арасында: жауапкер жихазды жасап беруге міндеттеніп, ауызша келісім жасалған және талап қоюшыдан ол үшін ақшасын алған, алайда уәде етілгендей көрсетілген мерзімге дайын болмаған. Оның үстіне ол жауап беруден қашқан.

Татуластырушы-судья Г.Арыстанованың сот медиациясының тиімді рәсімі нәтижесінде 200 000 теңге өндіру туралы дау соттан тыс тәртіпте шешілді.

Талапкердің айтуынша, ол ұзаққа созылатын сот ісін күткен, өйткені бұрын-соңды полицияға жүгінгені оң нәтиже бермеген. Сондықтан даудың тез, әрі тиімді шешілуіне таңданды.

Тараптар даудың оң шешілуіне қанағаттанып, сот әуре-сарсаңсыз бейресми атмосферада және ықтимал материалдық шығындар өзара тиімді шешімнің қабылдануына ықпал еткенін атап өтті.

Талапкердің арызы бойынша талапты қайтару туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Олеся Ташимова,

Орал қаласының №2 сотының бас маманы

Фотосурет: Fassembly.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале