23.09.2022, 16:45
Оқылды: 181

Тауар өндірушілердің көрмесі таныстырылды

Бүгін Оралда Батыс Қазақстан облысының бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің, Ресей Федерациясымен шекаралас облыстары, мемлекеттік органдардың, әлеуетті шетелдік инвесторлар қатысуымен «WESTKAZINVEST-2022» халықаралық инвестициялық форумы өтуде.

форум (4)

Аталған шараның басты мақсаты - өңірдің инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктерін насихаттау, инвестициялық жобаларды таныстыру, сауда-экономикалық байланыстарды орнатып, тәжірибе алмасу және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту болатын.

Форум аясында өңірдің және Ресей Федерациясымен шекаралас облыстардың тауар өндірушілерінің көрмесі ұсынылды.

Оған арнайы қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев көрмемен де танысты.

Оқушылар сарайында ұйымдастырылған көрмеде көркем және сәндік құймалар, құрылыс, машинажасау өнімдерімен қатар тұрмыстық заттар, этно үлгідегі киімдер мен бұйымдар қойылған. Олардың арасында өңірдегі ірі кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының да өнімдерін ұсынылған.

- Бүгінгі көрмеге профессор, БҚАТУ «Индустриалды-технологиялық институтының» директоры Сәрсенбек Монтаевтың ғылымдағы жетістіктерін ұсынып отырмыз. Бұл жерде жасанды қиыршық тас, шыны блок, кремикалық тас, ландшафт дизайнына қажеті керамикалық тастар бар. Мал мен құс шаруашылығына қажетті биологиялық белсенді қоспаларды да әкелдік. Аталған заттар барлығы да жергілікті шикізаттан жасалған өнімдер, - деді көрмеге қатысушы Жәңгір хан  атындағы БҚАТУ-дың AGROTECH HUB жобалық кеңсесінің басшысы Ізімғали Жұбантаев.

Дәл қазір мұнай-газ секторына, агроөнеркәсіптік кешенге және ІТ-технологияларға инвестиция тарту үшін панельдік сессиялар өтуде.

Динара Тілекқызы,

zhaikpress.kz

форум (1) форум (2) форум (3) форум (5) форум (6) форум (7) форум (8)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале