17.11.2021, 9:22
Оқылды: 69

«Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» электронды кітабы жарыққа шықты

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» электронды кітабын дайындап шығарды.

211022171118244e

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан кітаптың электронды нұсқасы қалың оқырманға қолжетімді.

«Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы - 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі соңғы үш онжылдықтағы Қазақстан Тәуелсіздігінің жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалар альманахы. Кітаптағы спикерлердің көпшілігі тарихи оқиғалардың куәгері бола отырып, өздерінің жеке естеліктері мен эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әрбір нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған бөлшектерін еске алады. Сонымен қатар бұл кітапта соңғы 30 жыл ішінде елімізде болған экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени процестерді талдайтын салалық сарапшылардың пікірлері келтірілген. Әңгімелерде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасы ерекше орын алады.

«Тәуелсіз мемлекет құру мен қалыптастырудың ауыртпалығын, қиындығының ауқымын сол кезеңді көзімен көріп, тікелей қатысқандар ғана нақты айта алады. Бүгінде көпшілігіміз үшін сын айтуға жеңіл көрінетін еліміздің бүгінгі жеткен же-тістігі, сөз жоқ, ең алдымен Тұңғыш Президент – Елбасымыз негізін қалаған мемлекеттік дамудағы сындарлы саясаттың арқасы екені даусыз. Елбасы негізін қалаған ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен татулық, әлеуметтік-экономикалық реформалар, сыртқы саясаттағы көп векторлы ұстаным сынды басым бағыттар біздің басты құндылықтарымыз болып қала беретіні анық. Біз алға қарай үлкен сеніммен, осы қалыпта жүруіміз үшін тарихымызды бағалап, өткенімізді ұмытпауымыз қажет. Осы ретте «ҚазАқпарат» АҚ шығарған «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының естеліктерінен сыр шертеді. Кітапта Тұңғыш Президент, Елбасының сол кезеңдерде сенімінен шығып, қасынан табылған әріптестері ел дамуындағы маңызды сәттерді еске алып, өздерінің жеке естеліктерімен бөліседі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітап қалың оқырман қауымы үшін қызықты болады деп сенемін», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Кітап Қазақстанның көрнекті саясаткерлерімен, экономистерімен, сондай-ақ ғы-лым, мәдениет және спорт қайраткерлерімен эксклюзивті сұхбаттар негізінде құрастырылған. Онда ҚР бірін-ші Премьер-министрі Сергей Терещенко, ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбек, белгілі мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтанов және басқа да көптеген саясаткерлер жоба авторларына өздерінің жеке әсерлерімен бөліскен.

Кітап оқырмандардың кең ауқымына, бірінші кезекте, Қазақстанның жаңа тарихына қызығушылық танытатындарға арналған. Кітаптың электронды нұсқасын https://100angime.kz/ сайтынан оқып танысуға, көшіріп алуға болады. Сондай-ақ аталған сайтта кітапқа әңгімелері енген тұлғалар туралы да мәлімет берілген. 

P.S:«Орал өңірі» газеті-нің оқырмандары үшін осы кітапқа енген материалдардың кейбірін жарияламақпыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы

Біз  мәңгілік  Қазақстан жолындамыз

1991 жылы қазақ халқының дербес мемлекеттігі туралы бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған ұлы арманды жүзеге асыру ісі басталды.

Бүгінде біз тарихи қысқа мерзім ішінде қуатты да өркениетті елге айналған Қазақстанның әр жетістігін мақтаныш етуге, табысына риясыз қуануға құқылымыз.

Егемен еліміз осы кезеңде қиын да күрделі жолдан өтті. Қазіргі жетістіктеріміз – сол сынақтың бәрін еңсеру барысындағы күш-жігер мен ерен еңбектің нәтижесі.

Біз өзін халықаралық аренада сенімді әрі жауапты серіктес ретінде таныта білген демократиялы, құқықтық, экономикасы дамыған мемлекет құрдық.

Біз Кеңес Одағының ыдырауы салдарынан болған экономикалық күйреу мен күйзелісті еңсеріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті, заманауи нарықтық экономикаға көштік.

Бүгінде Қазақстанда орта тап қарқынды даму үстінде, кәсіпкерлік экономикалық өрлеудің қозғаушы күшіне айналды. Әлемнің саяси картасында егемен Қазақстанның айқын шекарасын белгілеп-бекіту де аса маңызды міндет болды.

Аумағымызға қатысты дау туындауы ықтимал кез келген мәселені біржола және енді қайта оралмастай түп-кілікті шешу үшін біз барлығын жасадық.

Тәуелсіздік жылдары ұлттық бірліктің өзімізге тән бірегей стандартын қалыптастырдық. Соның арқасында этникалық алуан түрлілікті бәсі бөлек артықшылыққа айналдыра алдық.

Еншімізге тиген түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың бәрін біз Қазақстан халқының береке-бірлігі арқасында тиімді еңсердік.

Мемлекет ұстанған әлеуметтік бағдар да ешқашан маңызды мәнін жойған емес. Тәуелсіздік жылдары денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт саласының көптеген нысандары салынды.

Халықтың әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж топтарына, жастар мен зейнеткерлерді қолдауға баса көңіл бөлінді. Біз әрдайым орнықты даму, қарыштап ілгерілеу саясатын басшылыққа алдық.

Соның арқасында Қазақ-стан айтарлықтай сілкіністерге ұрынбай, бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді сақтап қала алды. Еліміздегі бүгінгі тұрақты ахуал тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап негізі қаланған саяси бағдардың сабақтастығын көрсетеді.

Ең ұлы мақсаттарға ел бірлігі арқылы ғана қол жеткіземіз деген асыл мұрат жолындағы даму бағытын берік ұстана отырып, Қазақстанның прогресс пен өркендеу жолында одан әрі нық сеніммен қадам басуы үшін біз сіздермен бірге қолымыздан келетіннің бәрін жасадық. Тәуелсіздігіміздің тарихы алда да жарқын жеңістер мен ғажайып жетістіктерге толы бола береріне мен кәміл сенемін.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале