18.06.2024, 22:20
Оқылды: 85

"Таза су айдындары – 2024" табиғатты қорғау акциясының қорытындысы шықты

Жыл сайын Қазақстанның барлық балық шаруашылығы су айдындарында "Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы өткізіледі. Биыл бұл акция 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында өтті. Табиғат қорғау акциясының негізгі мақсаты балық шаруашылығы су айдындарын тасталған балық аулау торларынан тазарту және жағалау аумақтарын тазарту, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын органдарға қатысты оң қоғамдық пікір қалыптастыру болып табылады.

InShot_20240618_215843976

Акцияға инспекция қызметкерлері ғана емес, туған өлкенің экожүйесін сақтауға мүдделі табиғат пайдаланушылар, студенттер, еріктілер және жергілікті халықтың белсенді өкілдері де қатысты. Акцияға барлығы 371 адам қатысты, 103 көлік бірлігі, оның ішінде 47 жүзу құралы жұмылдырылды.

Облыстың барлық балық шаруашылығы су айдындарында мамыр айында, ал Жайық өзенінде 15 мамырдан 15 маусымға дейін балықтардың уылдырық шашу көші-қоны өтеді. Біздің мақсатымыз балықтардың көбеюі үшін уылдырық шашатын жерлерге кедергісіз өтуін қамтамасыз ету болды. Ол үшін қайықтарда өзендер мен көлдер тралданып, судан браконьерлік балық аулау торлары алынды.

InShot_20240618_215408032

Акцияны өткізу кезеңінде су айдындарында 711 иесіз балық аулау торлары және 10 тоннаға жуық қоқыс жиналып шығарылды.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары су айдындарының жағасында болған кезде тәртіпті сақтауыңызды, өзіңізден кейін тазалауыңызды және қалдықтарды қалдырмауыңызды сұраймыз. Адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының мүддесі үшін табиғи ортаны ластанудан және жойылудан қорғайық. 

Нұрлан Абдрахманов,

Батыс Қазақстан облысы бойынша

балық инспекциясы басқармасының

бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале