1.03.2022, 10:30
Оқылды: 44

Темекі қымбаттады

Елімізде фильтрлі, фильтрсіз 20 темекі мен папиростардың ең төменгі бағалары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

191023134900872e

Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан мәліметке сәйкес, ҚР Қаржы министрінің 22 ақпандағы бұйрығы бойынша баға кезең-кезеңімен қымбаттап отырады.

Атап айтқанда, 1 наурыздан 30 маусымға дейін - 550 теңге болса, 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін - 570 теңге болмақ. Ал 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 600 теңгеге көтеріледі.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 24 қарашада «Темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңға түзетулер енгізілген болатын. Соған сәйкес, фильтрлі, фильтрсіз сигареттер мен папиростардың ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу құзыреті Қаржы министрлігіне берілген.

Темекі өнімдеріне қатысты мөлшерленген салық пен баға саясаты денсаулық сақтау саласына ықпал ету, яғни темекі шегуді азайтуға қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале