14.07.2026, 23:00
Оқылды: 104

Теміржол саласындағы жүк тасымалы деректерін басқару толық цифрландырылды

Rail-news.kz сайтының хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ (ҚТЖ) өндірістік пайдалануға «KTZ Cargo Reporting» отандық ақпараттық жүйесін енгізді.

tZXVCzr7v9NQHKZUfuVE9ZiisNlMBP4DxXqejTNh

Фото: rail-news.kz

Бұл цифрлық платформа жүк тасымалдарының деректерін өңдеу мен талдауға арналған. Осы жобаның арқасында компания 30 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келген ескірген шетелдік бағдарламалық жасақтамадан (ЕКжСҚ жүйесінен) толығымен бас тартып, технологиялық тәуелсіздікке қол жеткізді.

Жаңа жүйе микросервистік сәулетке, орталықтандырылған деректер қоймасына ие және ҚТЖ-ның ішкі жүйелерімен толық интеграцияланған. «KTZ Cargo Reporting» платформасын енгізу деректерді өңдеуді жеделдетуге, аналитикалық есептерді дайындау уақытын қысқартуға және бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік берді. Болашақта жүйеге интеллектуалды талдау құралдарын қосу жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале