27.03.2024, 14:30
Оқылды: 75

Теректі ауданы Аңқаты ауылындағы 16 тұрғын үйге су кірді

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, 8 аула аумағын су басты.

СУ АНКАТЫ 2024

Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

СУ АНКАТЫ 2024

Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді.

Үй жануарлары қауіпсіз жерге шығарылған.

Оқиға орнында ТЖД-ның жеке құрамынан 21 адам, 4 бірлік техника, 2 мотопомпа және 1 қайық, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан 12 адам, 3 бірлік техника, полиция департаментінен 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылған.

Оқиға басында ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Руслан Қасыбаев бар.

Фото БҚО ТЖД баспасөз қызметінен,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале