3.02.2020, 18:04
Оқылды: 99

Теректіде «Жас кәсіпкер» жобасы аясында 42 жас кәсіп ашты

Бұл жайлы аталған ауданның әкімі Әділ Жоламанов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты. Жиынға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысуда.

terekti esep (1)

-Ауданымыз бойынша «Zhas project» жобасы аясында 55 жоба ұсынылып, соның ішінен 15-і грантқа ие болды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауданымызда табысты жүзеге асуда. Былтырғы жылы тұрғын үй сатып алу үшін жас мамандарға 39 несие берілді және келген 110 маманға көтерме жәрдемақысы төленді. Осындай көрсеткіштермен  «Жастар жылын» сәтті аяқтадық.

251 жастың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпалдастық. «Волонтерлар қозғалысы» жобасы аясында былтыр 90 волонтер қызмет етті. Бұл аз ба, әлде көп пе? Ауданымызда 8 мың жас бар екенін ескерсек, бұл көрсеткіштерге менің көңілім толмайды. Ауданымыздағы барлық санаттағы жастарды кең көлемде, толық қамти алмай отырмыз. Оны мойындауымыз керек. Волонтерлікті дамыту мақсатында Президентіміз 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялап, біздерге жаңа серпін берді. Бұл бағытта жұмысымызды жаңғыртуымыз қажет. Даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналысатын боламыз,- деді аудан басшысы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале