1.02.2021, 18:27
Оқылды: 383

«Техникалық реттеу туралы» жаңа заң қабылданды

2020 жылдың 30 желтоқсанында «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы қабылданды. Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 тр

Заңның қабылдануы ішкі және сыртқы нарықтар тарапынан отандық тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың артуына, интеграциялық процестердің тереңдеуіне байланысты.

Біріншіден, Заң өнімдерге, оның ішінде ғимараттар мен құрылысжайларға, өнімдерге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу және орындау, өнімдерге, процестерге және қызметтер көрсетуге, сәйкестікті бағалауға және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын талаптарды ерікті негізде қолдану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.

Заңның 17-бабы сәйкестік сертификаты иесінің, сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын тұлғаның құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Сонымен, сериялы өндірілетін өнімді сертификаттауға дайындаушы немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлға өтінім беруші бола алады.

Сериялы өндірілетін өнім Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде дайындаушы уәкілеттік берген тұлға оны сертификаттауға өтінім беруші болуға тиіс.

Өнім партиясын (дара бұйымды) сертификаттауға дайындаушы, сатушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға өтінім берушілер бола алады.

Партиялармен шығарылатын өнім (дара бұйым) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде импорттаушы оны сертификаттауға өтінім беруші болуға тиіс.

Сонымен қатар  сәйкестік сертификаты иесінің және Сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын тұлғаның құқылары мен міндеттері анықталған.

Сәйкестік сертификатының иесі, сәйкестік туралы декларацияны қабылдайтын тұлға техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін және сәйкестік сертификатында немесе сәйкестік туралы декларацияда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Сериялы шығарылатын өнім Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде дайындаушы уәкілеттік берген тұлға қабылдаған сәйкестік туралы декларация танылады.

Партиялармен шығарылатын өнім Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде импорттаушы қабылдаған сәйкестік туралы декларация танылады.

Сәйкестігі міндетті растауға жататын, техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінде өздері туралы мәліметтер жоқ өнім айналысқа шығарылған кезде сәйкестік туралы декларацияларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға жол берілмейтіндігіне ерекше назар аудару керек.

Жанахын Тыгынбаев,

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

бөлім басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале