19.06.2020, 11:17
Оқылды: 105

Тезірек сауығыңыз, Елбасы

Бүкіл әлемді әбігерге салған коронавирус індеті өз қарқынын баяулатар емес. Бұл індет – еліміздің басына түскен үлкен сынақ.

15D92DB8-2DCC-4972-B12F-D218344992D7
Өкінішке орай, бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусты анықтауға тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткені туралы хабарды естідік.

Құрметті Елбасы! Ұлттық ұлан жауынгерлері тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы, ұлттық әскерімізді құрушы, Ұлт Көшбасшысы бұл індеттен сауығып шығатынына, көп жылдар бойы елімізді талай сынақтардан сүріндірмей алып келген Тұңғыш Президетіміз осы жолғы сынақтарды да елімен бірге еңсеретініне кәміл сенетінін жеткізгіміз келеді.  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жеке құрамы Сізге аталған дерттен тез арада сауығып кетуіңізді шын жүректен тілейді.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале