20.04.2023, 14:29
Оқылды: 77

The Ring: Головкин орта салмақтағы рейтингте көш бастап тұр

Беделді The Ring журналының рейтингіне қазақстандық төрт боксшы енді, деп жазады Prosports.kz.

b4394144-ca87-4d46-9794-6cc3996c37b7

Фото:  Prosports.kz

Орта салмақтағы үздіктер тізімінде бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин көш бастап тұр. WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшінші орынға жайғасқан. Екінші сатыда мексикалық Хайме Мунгия тұр.

Орта салмақтағы ТОП-10 тізімге Мейірім Нұрсұлтанов та енді. Ол сегізінші орынан көрінді.

Екінші орта салмақтағы рейтингте үздік ондықты Али Ахмедов түйіндеп тұр. Бұл дивизионда мексикалық Сауль Альварес көшбасшы әрі абсолютты әлем чемпионы.

Басқа салмақ санаттарында Қазақстан өкілдері жоқ.

The Ring нұсқасы бойынша, Pound-for-pound (салмақ дәрежесіне қарамастан) жүйесінде үздік боксшы WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиналық Александр Усик.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале