5.11.2023, 15:18
Оқылды: 0

«Тиімді жобаларды жүзеге асыратын әкімді сайлаймыз»

Қаратөбе ауданы әкімінің сайлауына Шөптікөл ауылының тұрғындары да белсенді қатысып жатыр. Осы ауылдағы мектеп-балабақша кешенінде орналасқан  №287 сайлау учаскесінде аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Меңдешов «AMANAT» партиясының атынан бақылаушы болып қатысты.

7e99271f-aab0-4f18-9715-883f5465a14f
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылғандай елімізде пилоттық негізде 42 ауданның және үш облыстық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтуде. Мұндай сайлаудың біздің ауданда да өтуі қаратөбеліктер үшін жақсы жаңалық деп есептеймін. Алғаш рет аудан әкімін халықтың сайлайтынына куә болдық. Бұл ел Президентінің жүзеге асырып жатқан тиімді реформаларының бірі саналады. Науқанның оң нәтиже беретініне сенімдіміз. Сайлаушылар өте белсенді қатысып жатыр. Себебі біз ауданның дамуына жауапты, тиімді жобаларды жүзеге асыратын әкімді сайлаймыз. Басқа да тәуелсіз ұйымдардан бақылаушылар науқан барысын қадағалап отыр. Ешқандай заң бұзушылық орын алған жоқ, - деді аудандық мәслихат төрағасы.

13745224-be0b-4e94-8fc1-a17f98d10517

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале