5.07.2023, 17:45
Оқылды: 206

Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу жалғасып жатыр

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпараты бойынша 2023-2024 оқу жылында тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу мақсатында қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда «Әліппе/Ана тілі» пәндері, ал «Орыс тілі» оқу пәні екінші сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

msg-1309508988-6455

Орыс тілінде оқытатын сыныптарда бірінші сынып оқушылары «Қазақ тілі» және «Букварь» пәндерін оқитын болады. «Шет тілі» оқу пәнін барлық бірінші сынып оқушылары үшінші сыныптан бастап оқиды.
«Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылуда. Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», - деп атап өтті Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.

«Тіл және әдебиет» білім беру саласы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның әдістемелік-нұсқау хатында толығырақ берілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале