11.07.2024, 15:46
Оқылды: 223

«Тойбастар–2024»: Оралда жергілікті шеберлердің этнофестивалі өтті

Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және БҚО Іскер Әйелдер Қауымдастығының ұйымдастыруымен Оралда алғаш рет қазақтың дәстүрін, тілін, мәдениетін, ұлттық ойындарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту, қолөнер бұйымдарын, ұлттық тәттілерді көпшілікке таныстыру  мақсатында «Тойбастар–2024» жергілікті шеберлердің этнофестивалі өтті.

тойбастар жп (1)

– Былтыр Бәйтерек ауданында ұйымдастырылған еді. Ал биыл қаламызда үлкен көлемде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Осы шараға небір қолөнер шеберлері, ісмер азаматтар қатысып жатыр. Мәдениетімізді кері қалыптастыру бағытында қолөнершілерге қолдау көрсетіп, халыққа тәлім-тәрбие берсін деген мақсатта Тұңғыш Президент алаңында этнофестивалімізді өткізіп отырмыз, - деді Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Қайрлиев.

тойбастар жп (13)

Этнофестивальге қала және облыс қолөнершілері, тәтті өндірушілері, әжелер ансамблі, музыкалық топтар, спорт мектептерінің өкілдері қатысты.

тойбастар жп (4)

Сонымен қатар алаңда облыстың қолөнершілерге арналған сауда-саттық жәрмеңкесі, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, киіз басу, ұршық иіру, керамика, жүн түту және көрпе тігу қолөнер түрлерінен шеберлік сағаттары, ұлттық спорт түрлерінен ойындар, жергілікті сәнгерлердің ұлттық нақыштағы топтамаларынан сән көрсетілімі өткізілді.

тойбастар жп (8)

Марзия Зеин,

фотоға түсірген: Мади Салық

zhaikpress.kz

тойбастар жп (2) тойбастар жп (5) тойбастар жп (6) тойбастар жп (7) тойбастар жп (8) тойбастар жп (9) тойбастар жп (10) тойбастар жп (12) тойбастар жп (14) тойбастар жп (15) тойбастар жп (16)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале