5.04.2021, 23:13
Оқылды: 171

Тұғырдан таймаған азамат

Орта бойлыдан ұзын, жұқалтаң денелі, қағілез қимылдайтын осы кісіні бала кезімізде ауылдан сирек те болса көріп жүретінбіз. Ол кезде үлкендер жағы бұл кісіні «партком» деуші еді. Ойын баласымыз ғой, парткомның қандай қызмет атқаратынынан бейхабармыз. Тек оның совхоз директорынан кейін ауыл-аймақтағы екінші басшы екендігін үлкендерден еститінбіз. Аракідік жол бойында ойнап жүріп, Дәулет есімді шопыры екеуінің «ГАЗ-69» қызметтік автокөлікпен ауылдың оңтүстік-шығысындағы «Мұратсай» бөлімшесіне қарай кетіп бара жатқанынын байқайтын едік. Сол Атаев Асқар ағамыз биылғы сәуірдің басында 85 жасқа толды.

Тұғырдан таймаған азамат1

Сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақал жайлы толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 27 санынан белгілі журналист Нұрымбек Жапақовтың «Тұғырдан таймаған азамат» атты мақаласынан оқи аласыздар!

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале