20.01.2022, 22:44
Оқылды: 91

Түйткілді мәселелер талқыланды  

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев «AQJAIYQ» арнасының тікелей эфирінде облыс тұрғындарының сұрақтарына нақты жауап берді. Өңірдің тыныс-тіршілігіне қатысты тұрғындардың ұсыныс-тілектерін білу мақсатында жарияланған WhatsApp нөмірі мен электронды почтаға 650 сұрақ келіп түскен. 

0fc32ec9b03ebc3fa4e7f9dfe3dd2e7d_original.72829

Сауалдарды қабылдау 19 қаңтарға дейін жүргізілді.

Сұрақтардың басым бөлігі Орал қаласының инфрақұрылымын дамыту, негізінен жол, үй кезегі, азық-түлік пен қатты және сұйық отын бағасының күрт көтерілуі, соған сәйкес жолақының өсуі, қоғамдық көлік мәселесі және облысқа қатысты өзге де әлеуметтік, қоғамдық, экономикалық түйткілдер қамтылған.

2 сағат 30 минутқа созылған тікелей эфирде өңір басшысы 46 сұраққа жауап берді. Алдағы уақытта қалған сұрақтарға Орал қаласының әкімі және облыс әкімінің орынбасарлары жауап беретін болады.

– Тұрғындардың маңызды мәселелерін талқылау үшін тілекей эфир тиімді. Осы бағытта жұмыстана береміз. Облысымызда жағдай тұрақты. Экономикамызды дамыту мақсатында еңбек ете берейік. Ауру тағы да өршіп бара жатыр. Сақтанып жүрейік. Бүгінгі қозғалған мәселелер алдағы уақытта шешімін табатын болады. Мен үшін әр сұрақ маңызды, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Толық ақпаратты «Орал өңірі» газетінен оқи аласыздар.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале