29.06.2022, 9:15
Оқылды: 83

«Тұмар - 2022» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздар жарияланды

Сыйлыққа қатысу үшін 10 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-параққа 40 жұмыс енді. Лауреаттар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы ұсынылған материалдарды кәсіби бағалау нәтижелері бойынша анықталды.

тумар

Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйақының иегері атанды.

Іс-шараға «Қазақстан РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі АҚ демеушілік жасады.

«Тұмар-2022» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:

Үздік тележурналист
Владислав Цой – «Хабар 24» телеарнасы
Үздік тележүргізуші
Аскар Мендыбаев – «31 канал»
Үздік режиссерлік жұмыс
«Жена» – «Qazaq TV» телеарнасы
Үздік деректі фильм
«Каспийден кеткен қыпшақтар» – «ATYRAY» телеарнасы
Үздік әлеуметтік жоба
«Дау-дамайсыз» – «КТК» телеарнасы
Үздік ток-шоу
«Время говорить» – «Atameken Business» телеарнасы
Үздік ойын-сауық бағдарламасы
«Almaty Bala Fest» – «Алматы» телеарнасы
Үздік телевизиялық сериал
«Ахмет. Ұлт ұстазы» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы
Үздік ақпараттық бағдарлама
«Saraptimes» – «Astana TV» телеарнасы
Үздік аймақтық телеарна
«Turkistan» – Түркістан қ.

Арнайы жүлде «Balapan» телеарнасына Қазақстандағы «Балалар жылы» аясында балалар контентінің дамуын ынталандыру үшін табысталды.
«Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылған. Сыйлықтың басты мақсаты – сапалы қазақстандық телевияны дамыту және ілгерілету, телевизиялық контент өндірісінде талантты мамандарды қолдау және оның ең мықты өкілдерін мадақтау.

«Медиа дамыту қоры» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале