2.02.2023, 15:30
Оқылды: 89

Түнгі «қыдырыс» тыйылмай тұр

Жасөспірімдер арасында кездесетін қылмыстық әрекеттердің алдын алу және олардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында Орал қаласы аумағында қаңтардың 27-сі мен ақпанның 6-сы күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шара өтуде.

12

Фото дереккөзі: acca.media

Аталған түнгі рейдке алғашқы күні тәртіп сақшыларымен қатар, прокуратура қызметкерлері, жергілікті атқарушы құрылымдардың өкілдері және үкіметтік емес ұйымдардан еріктілер қатысты. Осылайша қала аумағында орналасқан 19 компьютерлік орталық, 5 түнгі клуб және 12 кафе-бар тексеріліп, кәмелеттік жасқа толмағандарды кіргізгені үшін 3 жеке кәсіпкер ҚР ӘҚБК-ның 132-бабы бойынша жауапкершілікке тартылса, балаларын қадағаламаған 4 жанұяға ҚР ӘҚБК-ның 442-бабы 1-бөлімі негізінде айыппұл салынды. Әрі бұл күнгі тексеру барысында сағат 23.00-
ден кейін мекенжайынан тыс жерде бақылаусыз жүрген 17 жасөспірім ұсталып, олардың да ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Әзірше түнгі «қыдырыс» тыйылмай тұр.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығы ұсынған 

мәліметтер негізінде дайындаған Бауыржан Махутұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале