1.12.2021, 9:29
Оқылды: 45

Тұңғыш Президентімізге құрметіміз ерекше

Татьяна Ищенко, «Жас дарын» коммерциялық емес қоғамдық қорының директоры және құрылтайшысы, Ақсай қаласы:

WhatsApp Image 2021-11-30 at 22.56.49

 – Елімізде Тұңғыш Президент күні жыл сайын аталып өтіледі. Әр қазақстандық бұл күні Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, дамуы жолындағы айрықша рөлін еске алып, атқарған еңбегіне баға береді. Тұңғыш Президент тұлғасы – өзінің елі мен халқына қызмет етудің, өмірлік  табысқа жетудің жарқын үлгісі. Өйткені  Елбасының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз даму жолына түсті.

Бүгінгі жастар еліміздің қарқынды даму кезеңінде өсіп келеді. Олар үшін біздің қоғам бүгінгі жетістіктеріне оп-оңай қол жеткізгендей көрінуі мүмкін. Өйткені жастар тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтар туралы ата-аналарының әңгімелерінен, деректі фильмдерден естіп, біліп жүр. Алайда жастар – халықтың ең жігерлі, креативті және жасампаз  бөлігі. Сондықтан олардың бар білімі, ерік-жігері арқылы Елбасының ел игілігі жолындағы бастамалары сәтті жүзеге асады. Біз Елбасының сарабдал саясатының арқасында  тұрақты саяси жүйесі бар, экономикасы дамыған мемлекет болып қалыптастық. Тұңғыш Президент күнін халықтың бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын  күн деп білемін. Әр шаңырақтың, мемлекетіміздің өркендей беруін тілеймін.

Сергей Давлятшин, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенті:

WhatsApp Image 2021-11-30 at 22.56.37

–  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – еліміздің экономикасы мен мәдениетінің дамуына еңбегі сіңген тұлға. Н. Назарбаев елді посткеңестік кезеңдегі көптеген күрделі саяси жағдайлардан кедергісіз өткізіп, әлемдік аренаға шығара білді.

Отандық білім беру жүйесіне де Тұңғыш Президентіміздің қосқан үлесі зор. Ол әр кез келелі жиындарда, дәстүрлі Жолдауларында білім  беру жүйесінің барлық деңгейінде бастапқы сатыдан жоғары оқу орнында оқығанға дейін көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажеттігін айтудан жалыққан емес. Қазіргі күнде білім саласында жаңалықтар өте көп. Одан өзге де барлық саланың дамуына Елбасы өз үлесін қоса білді. Сол үшін мен Тұңғыш Президентімізге құрметпен қараймын.

Нина Дуюнова, жеке кәсіпкер, Жәнібек ауданы

WhatsApp Image 2021-11-30 at 22.56.45

1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы айтулы күндердің бірі. Өйткені дәл осы күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев егемен елдің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Сол сәттен бастап ел тағдыры Ұлт көшбасшысының қолына сеніп тапсырылды. Айтулы күннің барша халық үшін маңызы мен мазмұны ерекше екендігі сөзсіз. Елбасы – татулығымыздың, береке-бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің өзі «Тәуелсіздігіміздің тарихы – барлық этностар достығының жылнамасы» деген болатын. Мен де Қазақстанды өз Отаным деп есептеймін.  Біздің Жәнібек ауданында әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Бәріміздің мінез-құлқымыз, тағдырымыз, мамандығымыз сан алуан болғанымен, мақсатымыз бір. Ол Отанның игілігі үшін адал еңбек ету. Ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнен артық ешнәрсе жоқ. Бүгінде  аудандағы қоғамдық өмірге белсене араласамын. Қазақстанда өсіп-өркендеуге және жарқын болашаққа қажеттінің бәрі бар. Ден саулық болса, бәрін жасауға да болады. Ол үшін ауызбіршілік, татулық қажет.

Роман Назаров, А. Иманов атындағы жол-көлік колледжінің 3-курс студенті, Орал қаласы:

3

– Мен батысқазақстандықтарды «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігі жастарының атынан Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Өзімнің кең байтақ Қазақстанда туғанымды мақтан тұтамын. Сондай-ақ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел Президенті болған кезін көргеніме де қуанамын. Ол сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді. Біздің еліміз Елбасының көреген саясатының арқасында өзінің даму жолына түсті. Көршілес елдермен достық қарым-қатынас орнатылып, шекарамыз заң жүзінде рәсімделіп, бекітілді. Саяси тұрақтылық сақталып, ұлтаралық және конфессия-аралық келісім, бейбітшілік пен достық үстемдік етіп келеді. Әсіресе жастарға үлкен қолдау көрсетілуде. Жастардың «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алуына жол ашты. Тұңғыш Президенттің еңбек жолы  қазақстандық жастар үшін үлгі мен тағылым мектебі деп білемін. Біз Елбасының мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан орасан зор тарихи еңбегіне құрметпен қараймыз.

Залина Алиева, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатының және «BART» ансамблінің  жетекшісі:

WhatsApp Image 2021-11-30 at 22.56.48

– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айтулы күн, шындығында, халықтардың бірлігі күні. Біздің мемлекетіміздің күші  – бірлікте. Біз биыл Елбасының дана да көреген саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын тойламақпыз. Тәуелсіздік жылдарындағы барлық жетістіктер – Елбасының ерен еңбегінің, даналығы мен күш-қуатының даусыз дәлелі.

Елбасының бастамасымен бірегей институт – еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыратын Қазақстан халқы ассамблеясы құрылды. Ассамблея республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуы үшін айтулы үлес қосып келеді. Елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Біздің мемлекетімізде барша ұлт-ұлыстардың мәдениеті, тілі, дәстүрінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. БҚО ҚХА мемлекеттік саясаты жүзеге асыру жолында түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Мен батысқазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, елімізде тек бейбітшілік үстемдік етуін, Қазақстанның қарқынды дами  беруін тілеймін.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале