13.04.2017, 17:11
Оқылды: 59

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 4 тұрғын үйге өтініш қабылдай бастады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте ТҮҚЖБ АҚ филиалы бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Самал Қабесова айтты.

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" 12 сәуір-12 мамыр аралығында 4 тұрғын үйге, яғни 481 пәтерге өтініш қабылдайды. Аталған үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Жергілікті атқарушы орган желісі арқылы салынуда.

Оның айтуынша, 3 тұрғын үй Орал қаласында, бір тұрғын үй Бөрлі ауданы Ақсай қаласында салынуда. Тиісті ынтымақтастық туралы Меморандумға облыс әкімдігі мен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында өткен жылдың қазанында қол қойылды.

- Мұнда несие мөлшерлемесі жылдық 5%-ды құрайды және несие бағдарлама қатысушының шотында тұрғын үй құнының 30%-нан кем емес сома жинақталған жағдайда беріледі.

Сонымен бірге 3 сәуірден бастап Тұрғын үй құрылыс жинақтары шартын жасау және шарттық соманы арттыру үшін алынатын комиссия көлемі Банкімен 0 теңге қылып бекітілді. Яғни шартты жасақтау және оның соммасын арттыру қазіргі таңда тегін жасақталады яғни комиссиясыз, - дейді Самал Қабесова.

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале