Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы тамыз айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 807 мәміле тіркелген.

Бұл көрсеткіш шілде айымен (37 158) салыстырғанда 3,6%-ға азайған. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 690), Астана (6 398) қалалары және Қарағанды облысы (2 825) алда тұр, ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында (277 мәміле) байқалды.
Бір айдағы көрсеткіштерді салыстырғанда ең жоғарғы өсім Алматы (5,9%), Қостанай (5,5%) және Қарағанды (5,1%) өңірлерінде тіркелсе, ең үлкен төмендеу Алматы (-21,1%), Атырау (-15,7%) және Жамбыл (-13,7%) облыстарында орын алды.