БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды
5 Маусым 2023

БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады
5 Маусым 2023

Оралда мектеп жанындағы лагерьлер мен жазғы алаңдар жұмысын бастады

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды
5 Маусым 2023

Еркін күрес шеберлері Бішкекте бір күміс, төрт қола медаль жеңіп алды

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды
5 Маусым 2023

Ұлттық құрама Amsterdam Sevens турниріндегі атағын қорғап қалды

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті
5 Маусым 2023

БҚАТУ-да еңбек жасағы жұмысқа кірісті

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді
5 Маусым 2023

Бейбарыс сұлтан мешітінің ашылуы және Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндері: Асхат Оралов Каирге жұмыс сапарымен келді

Түркістан облысының оқушысы «Ақылды» ферма жобасын жасады

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен қатар түрлі «Ақылды» дүниелердің қатары көбейді. Олардың бірі - «Ақылды» ферма. Бұл Түркістан облысы Төлеби ауданы №6 мектебінің 6-сынып оқушысы Елдос Елудің ғылыми жобасының бөлігі. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

f845c6c8-f51c-48aa-bb95-3446423ad4c3

Елдостың макет күйіндегі «ақылды» фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған. Бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті.

Елдос «Ақылды» ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған.
«Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың «ақылды» фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады.

Фермадағы датчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіп тұрады. «Ақылды» фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады», - дейді жас өнертапқыш.

Елдостың бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале