5.05.2021, 14:00
Оқылды: 199

«Түркістан» теңізге аттанды

Бүгін Шаған өзені жағасында «Айбар» жобасы аясында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ қарасты «Зенит» зауытында жасалған «Түркістан» шағын күзет кемесін суға түсіру рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев,  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің басшылары, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жетекшілері мен кеме жасау зауытының қызметкерлері қатысты.

69FE18C6-4AAA-48D5-8920-A690F9CDE2A7

Айта кетейік, «Зенит» зауытында құрастырылған 27-ші «Түркістан» шағын күзет кемесі еліміздің мемлекеттік шекарасының аймақтық тұтастығын және экономикалық мүдделерін қорғауға, терроризм актілерін болдырмауға, заңсыз тауар тасымалдаудың жолын кесуге арналып жасақталған. Сондай-ақ заңсыз кеме қатынасын, контрабандалық операциялардың,  қарақшылық және заңсыз балық аулаушылардың алдын алу мақсатында торуылдауға, заң бұзушы кемелерді ұстауға және тексеруге арналған.

6E0C7BB9-CA75-44DC-94F2-DD94ECEE9F69

-Облысымыздың мақтанышы саналатын «Зенит» зауыты 1993 жылдан бері жылма-жыл теңіз күзетіне арналған кемелер мен катерлерді жасап келеді. Каспий теңізінің дауылы мен толқынына төтеп бере алатын бұл кеменің жалпы су сыйымдығығы 70 тоннаға жуық болса, жүру жылдамдығы сағатына 70 шақырымды құрайды. «Зенит» зауытының кезекті кемесі біздің мемлекетіміздің шекарасын қорғауға өз үлесін қосады деп санаймын. Осындай заманауи су көліктерін құрап шыққан Вечеслав Валиев бастаған зауыт ұжымына зор алғыс айтамын. Осы зауыттың тұрақты жұмыс жасауына әрқашан қолдау көрсетіп жүрген ҚР ҰҚК Шекара қызметіне де өз ризашылығымды білдіремін. Кеме жасау мекемесін болашақта үлкен міндеттер күтіп тұр. Алдағы жылдары зауыт бүгінгі кемеден 10 есе үлкен кемені жасауды жоспарлауда. Осы іске де сәттілік тілеймін,-деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

CEA0EDFA-FFC7-471C-8DA7-5EDA18A744FE

Салтанатты шарада сөз алған ҚР ҰҚК Шекара қызметі басшылары «Түркістан» кемесін жасап шығарған «Зенит» зауыты ұжымына ризашылықтарын білдіріп, зауыт басшысы мен бірқатар жұмысшыларына алғысхаттар табыс етті.

E582647C-8F39-4644-B0EC-03A7AE93ECCB

E776CB73-CD98-4787-BEAC-8FBC1473F6D3

-Соңғы жылдары зауыттан жасалып шыққан кемелерге еліміздің қала атауларын беру үрдіске айналды. Сол дәстүрді жалғау мақсатында бүгінгі кемеге «Түркістан» атауы берілді. Көп кешікпей бұл кеме шекара күзетіне кірісіп, теңіздегі тыныштықты сақтауға өз үлесін қосады деп санаймын. Шекара және жағалау қызметі басқармасының атынан кеме жасау зауыты қызметкерлеріне алғыс білдіремін,-деді ҚР ҰҚК шекара қызметі басқармасының басшысы Сабыр Хасанов.

E87736EC-AA8C-491E-90EC-3917933D26E6

Мұнан соң Жеңіс күні мерекесі қарсаңындағы айтулы шараға жиналғандар кемені суға түсіру салтанатына куә болды. Суға түсірілген кеме Жайық өзені арқылы Каспийге жеткізіледі. Айтып өту керек, бұған дейін де «Зенит» зауытынан шығарылған кемелер мен катерлер ҚР Әскери-теңіз күштерінде, Шекара әскерлері сапында өздерінің тиімділігін дәлелдеуде.

919C9743-D533-43C7-8DAA-9DDF77FDDEB1

4D45C4ED-DF0C-411C-ACDF-41673F8C19D8

C8119551-8B54-4249-B261-213119E3BB34

3BE0FD31-9DFA-4ECF-AA99-AC16DB4A3AAA

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале