Негізінен дәрігерлерден құралған топ жаңа туған сәбилерге жалған диагноз қойып, жұқпалы вирус егіп, оларды жансақтау бөліміне жатқызып отырған. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: freepik.com
Осылайша, мемлекеттік медициналық сақтандыру бойынша қомақты қаржы бөлдіртіп, оған қоса ата-аналардан да ақша алған.
Бүгінге дейін бұл қылмыскерлердің қолынан 20 нәрестенің өлгені анықталды. Тағы ондаған сәби мүгедек болып қалған.
«Нәрестелер ісі» деген атпен тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша 10 жекеменшік аурухана жабылды.
Қылмысқа қатысы барларға 10 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза беріледі.