30.11.2021, 17:10
Оқылды: 72

Түркияда жер сілкінді

Түркияның батысындағы Измир провинциясы Урла ауданының жағалауында 5,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

211130123852165e

Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері сағат 07:00-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Урла ауданынан 56,18 шақырым жерде, Эгей теңізінде орналасқан. Дүмпу ошағы теңіздің бетінен 3,97 километр тереңдікте жатыр. 9 минут өткенен кейін, сағат 07:09-да Измир жағаларында теңіз бетінен 7,16 километр тереңдікте 4,3 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале