3.01.2024, 12:31
Оқылды: 55

ТЖД қызметкері «Жас құтқарушы» бояу кітабын жасады

"Түркістан облысы ТЖД Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Абай Сатбаев жас балаларды отан сүйгіштікке, сонымен қатар "Өрт сөндіруші құтқарушы" мамандығын кеңінен жариялау, жақыннан таныстыру мақсатында балаларға, бастауыш мектеп оқушыларына арналған «Жас құтқарушы» суреттелген бояу кітапшасын ойлап шығарды", - деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

b8d697d4127f9e8249234203e150711d_1280x720

«Жас құтқарушы»  бояу кітапшасының негізгі бағыттары: қауіпсіз өмір сүрудің және төтенше жағдайларда негізгі қауіпсіздік шараларды сақтау, түрлі авариялық құтқару жұмыстары және қысылтаяң кезеңдерінде байланыс құралдары және арнайы құтқару құралдарымен киім-кешектерін зерделеу.

Жас ұрпаққа өмір сүру қауіпсіздігінің негіздерін тереңдетіп үйрету, құтқару жұмыстарының негіздерін игеру, төтенше жағдайларды жою бойынша, төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша білімін және ептілік дағдыларын қалыптастыру, көмек көрсету түрлерімен іс-әрекеттерін барынша насихаттау, ерте жастан бастап, қандай мамандықтар бар екенін біле бастауы өте маңызды. Бұл біздің керемет бояу беттері де көмектеседі. Суреттерді безендіру арқылы баланы белгілі бір мамандықпен таныстыра аласыз, жұмыста адамның не істейтінін, қандай құралдарды қолданатынын біле аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале