Орал қалалық Әбілқайыр хан даңғылындағы төрт қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің бірінде өрт шықты.
Суретте БҚО ТЖБ өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
басқармасының бастығы Дамир Салихов
Оқиға орнына келген өрт сөндіру жасағы 2008 ж.т қызды құтқарып, көрші пәтерден 1 адам эвакуацияланды.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 10 адам, оның ішінде 2 бала өз бетінше көшеге шықты.
ТЖМ өрт сөндірушілері 20 ш.м. алаңда өртті жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Батыс Қазақстан облысының
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі