15.11.2022, 16:31
Оқылды: 59

ТЖМ: жыл басынан бері өрттен 246 адам қаза тапты

2022 жылдың басынан бері Қазақстанда өрттен 249 адам қаза тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6

"Биылдың басынан бері Қазақстанда 9 647 өрт тіркеліп, 249 адам қаза тапты, 212 адамды күйік шалып, әртүрлі ауырлықта уланды", - деді министр.

Ол қаза болғандардың жалпы санынан 107 адам немесе 43 пайызы мас күйінде болғанын атап өтті.

 Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттердің 60 пайызында жұмыссыздар мен зейнеткерлер, яғни жұмыс немесе оқу орнында өрт қауіпсіздігін оқыту жүйесіне қатысы жоқ адамдар қаза болады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале