10.06.2024, 11:45
Оқылды: 75

Уақыт белдеуіне қатысты петиция қарауға қабылданды – министрлік

«E-Petition.kz» ресми порталында жарияланған петиция ресми қарау үшін қажетті қол жинады.

сагат жп

ҚР ӘРПК-нің 90-4 бабына сәйкес, елу мың қол қою шегіне жеткеннен кейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қарауға қабылдады.

Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– ҚР ӘРПК-нің 90-5 бабына сәйкес петицияны қарау мерзімі тіркелген сәттен бастап 40 жұмыс күнін құрайды. ҚР Сауда және интеграция министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін қоса арнайы топтың жұмысын ұйымдастырады. Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, биыл еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Өзгеріске қарсы болған қазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтару жөніндегі петиция жариялаған еді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале